Маңғыстауда жұмысшыларды вахтаға апара жатқан автобус аударылды. Жол апаты Ақтау-Қаражанбас жолының 144-шақырымында болған, деп хабарлайды paryz.kz.
Маңғыстау облыстық Полиция департаменті апаттың бүгін 13:40-та болғанын мәлімдеді.
«Автобуста вахтаға бара жатқан жұмысшылар болған. Жол апатынан ешкім зардап шекпеді. Жұмысшылар басқа автобусқа отырғызылды. Қазір полиция қызметкерлері оқиға орнында жол апатының себебін анықтап жатыр», - деп хабарлады Маңғыстау облыстық полиция басқармасының баспасөз хатшысы Айгерім Ибаттулаева.
«Қаражанбас» АҚ баспасөз қызметі автобус компанияға тиесілі емес екенін айтып отыр. Дегенмен жол апатына түскен көлік өңірдегі мұнай саласында қызмет көрсетуші компания меншігі екенін жеткізді.