Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Киімі мұз болып қатқан: ТЖМ құтқарушылардың қалай жұмыс істеп жатқанын көрсетті

Төтенше жағдайлар министрлігі аязды ауа райында құтқарушылар мен өрт сөндірушілердің қандай жанқиярлықпен еңбек етіп жүргенін көрсетті, деп хабарлайды Paryz.kz. 

Киімі мұз болып қатқан: ТЖМ құтқарушылардың қалай жұмыс істеп жатқанын көрсетті
Фото: видеодан скриншот

Ведомствоның баспасөз қызметі таратқан видеода үсті-басын қалың мұз жауып қалған құтқарушының белдігін балғамен ұрып шешіп жатқанын көруге болады.

«Таңғы сағат 7.30.00 шамасында Қосшы қаласында өрт шыққан. Біз таңғы сағат 5.00-ден бастап жұмысқа кірістік», - дейді мұз болып қатқан қолғабын шеше алмай жатқан құтқарушылардың бірі.

Министрлік өрт сөндірушілер мен құтқарушылар қолайсыз ауа райына қарамастан қызметін абыроймен жалғастырып жатқанын атап өтті.

«ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі ел тұрғындарын қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады!» - делінген хабарламада.