Экология министрлігі Қазақстанда қар барысының күрт азайғанын жоққа шығарды

ҚР Экология жіне табиғи ресуртар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті елімізде қар барысының екі есеге азайып кеткені туралы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Paryz.kz. 

Экология министрлігі Қазақстанда қар барысының күрт азайғанын жоққа шығарды
фото: egemen.kz

Бұған дейін Energyprom.kz мониторингтік агенттігі ұсынған ақпаратта Қазақстанда небәрі 99 ілбіс бар екені, ал бұдан бес жыл бұрын республикадағы қар барысының саны 223 бас болғаны айтылған болатын.

Орман шаруашылығы комитеті аталған ақпараттың дұрыс берілмегенін айтты.

«Зоология институтының санағына сәйкес Қазақстандағы қар барыстарының саны, бүгінгі күні, 180 дарақтан асқан», - делінген комитет хабарламасында.

Айта кетейік, БҰҰ-ның Қазақстандағы Даму бағдарламасының және ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің қар барысын сақтау жөніндегі ауқымды бастамасы бойынша 10 қар барысына спутниктік таратқыштар орнатылған.