Теміртауда тағы апат. Аяздан қаладағы су құбыры қатып қалған

Салдарынан қаланың шығыс бөлігіндегі 6 квартал тұрғындарының үйлеріне су төмендетілген гидравликамен беріледі, деп хабарлайды Paryz.kz. 

Теміртауда тағы апат. Аяздан қаладағы су құбыры қатып қалған
Фото: Baq.kz

Теміртау қаласының әкімдігі мәліметінше, оқиға орнында 8 бригададан құралған топ жұмыс істеп жатыр.

Диаметрі-300 мм магистральдық су құбыры қатып қалуына байланысты қаланың шығыс бөлігіндегі алты квартал тұрғындарының үйлеріне су төмендетілген гидравликамен беріледі. Проблемалық учаске анықталды (шамамен 20 м.) сол жерде 8 бригада, 10 бірлік техника жұмыс істеуде. Мәселені қала әкімі бақылауда, - делінген хабарламада.