Алматы полициясы бозбаланы қағып кеткен жүк көлігінің жүргізушісін ұстады. Бала оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды деп хабарлайды Paryz.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға Қалқаман шағын ауданында болған. Жаяу жүргіншілер өткелінде ГАЗ-53 көлігін басқарған азамат жасөспірімді қағып кетті. Жол апатынан кейін жүк көлігінің жүргізушісі оқиға орнынан қашып кеткен. Бала оқиға орнында көз жұмды.
«Бір тәуліктен кейін жүргізуші Алматы облысында алкогольдік және есірткілік масаң күйде ұсталды. Көлік жақын маңдағы көшеден табылған, ол жол апатынан кейін оны тастап, жаяу қашып кеткен. Тексеру барысында жүргізуші 2020 жылы 7 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны белгілі болды. Қазір ол қамауда. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі және ҚР ҚК-нің 347-бабы бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – деді Алматы қаласы ПД ЖПҚБ іздестіру бөлімінің бастығы Қайсар Төлебеков.
ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.