Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Қарағандыда құны 1 млрд теңгеден асатын жер учаскелері мемлекетке қайтарылды

Қарағанды облысында жер учаскелерін коммерциялық мақсатта беру барысында заңбұзушылықтар болғаны анықталды, деп хабарлайды Paryz.kz. 

Қарағандыда құны 1 млрд теңгеден асатын жер учаскелері мемлекетке қайтарылды
Фото: Azattyq Ruhy / Әсет Құндақбаев

Қарағанды қаласының әкімдігі «Мемлекеттік мүлік туралы» заңның 62-1-бабын бұза отырып, бағалау рәсімін жүргізусіз бұрын алынған жер учаскелерінің орнына тұрғын емес үй-жайлары бар көппәтерлі тұрғын үй салу және оны одан әрі пайдалануға беру үшін коммерциялық мақсатқа 14 жер учаскесін берген.

«Прокуратураның наразылығы бойынша қала әкімдігі жоғарыда аталған қаулының күшін жою туралы талаптарды толық көлемде қанағаттандырды, құны 158 млн теңге болатын 4 га коммерциялық мақсаттағы 14 жер учаскесі мемлекеттік меншікке қайтарылды», - делінген ведомство хабарламасында.

Сондай-ақ Қазыбек би атындағы аудан прокуратурасы ұзақ уақыт бойы пайдаланылмай жатқан коммерциялық жерлерді анықтады.

Жер кодексінің 92-бабына сәйкес құрылысқа арналған жер учаскесі мақсаты бойынша пайдаланылмаса, онда мұндай жер учаскесі  мәжбүрлеп алып қоюға жатады.

«Ірі кәсіпкерлердің бірі 2018 жылдан бастап жалпы ауданы 32 га болатын 6 коммерциялық жер учаскелерін игеруге шаралар қабылдамаған. Қадағалау актісі бойынша кадастрлық құны 1,1 млрд теңге құрайтын осы жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды», - делінген хабарламада.

Бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр.