Прямая трансляция

Астана

Астана

-2.03°C

Қостанайдағы жарылыстан қаза тапқан 3 адамның өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Қостанай қаласында «Амангелді» тұрғын алабы Энергетиков, 1 мекенжайындағы құтқару жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды Paryz.kz.

Қостанайдағы жарылыстан қаза тапқан 3 адамның өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды
Фото: Қостанай облысы ТЖД баспасөз қызметінен

Естеріңізге сала кетейік, кеше, 11 желтоқсанда сағат 12:36-да газ-ауа қоспасы жарылып, бір қабатты ғимарат опырылып түскен еді. Аумағы 280 ш.м. және жану ауданы 5 ш.м. Өрт сағат 13:52-де оқшауланды. Газ баллондарының жарылыстары адамға да, мүлікке де үлкен қауіп төндіреді және бұл жағдайда жарылыс ауыр зардаптарға әкелді.

«Қызыл жалын сағат 13:52-де оқшауланды. Газ баллондарының жарылуы адамға да, оның мүлкіне де үлкен қауіп төндіреді. Кеше болған жарылыс соның дәлелі. Кешегі өрт сөндіру және іздестіру-құтқару жұмыстарына Төтенше жағдай қызметі және жергілікті атқарушы органдарының 263 қызметкері мен 61 техника жұмылдырылды. Сондай-ақ «ДОС» и «қызыл жарты ай» «10 Регион»  волонтерлік топтары тартылды», - деп хабарлады облыстық ТЖД департаментінің баспасөз қызметі.

AMP

Белгілі болғандай, іздестіру жұмыстары барысында 12 адам құтқарылды. Үш адамды аман алып қалу мүмкін болмады. Осы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

«Облыстық ауруханаға 4 адам жатқызылды. Қалалық ауруханаға 6 адам орналастырылды. 1 адам өз бетінше медициналық қызметке жүгінді, тағы біреуі ауруханаға жатқызудан бас тартты. Барлық зардап шеккендерге медициналық қызмет толық көлемде көрсетілуде. Қазір Қостанай қаласы Полиция басқармасы ҚР ҚК 292-бабы, 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады», - деді ведомствоның баспасөз қызметі.

Алдын ала мәлімет бойынша жарылыс салдарынан 7 жеңіл және 5 ауыр техника зақымдалды, сонымен қатар іргелес жатқан 12 жеке тұрғын үй бұзылған.

Осындай оқиғалар қауіпсіз жұмыс жағдайларын қамтамасыз етуде нормативтік-құқықтық базаны жақсартуға, техникалық стандарттарды жетілдіруге және жұмысшылардың біліктілігін жоғарылатуға стимул болуы тиіс.