Бұл мән БЖЗҚ салымшысы зейнетақы жинағынан қанша қаражатты мерзімінен бұрын ала алатынын анықтау үшін қажет.
Жеткіліктілік шегі жас ерекшеліктеріне қарай 3-тен 10 миллион теңгеге дейін болады.
"Ең төменгі жеткіліктілік шегінің мөлшерін бұрынғы деңгейде сақтау ішінара кірістің болжамды жылдық пайыздық мөлшерлемесінің жоғарылауымен де байланысты. Осылайша, бекітілген әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер мен болжамды есептеулерді ескере отырып, 2024 жылға арналған ең төменгі жеткіліктілік шегінің мөлшері бұрынғы деңгейде сақталады", - делінген қор хабарламасында.
2024 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер:
1.
ең төменгі жалақы мөлшері - 85 000 теңге;
2.
мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері - 28 215 теңге;
3.
зейнетақының ең төменгі мөлшері-57 853 теңге;
4.
базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы – 43 407 теңге.