Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

2024 жылға арналған зейнетақы жинағының жеткіліктілік шегі белгілі болды

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2024 жылға арналған зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегі 2023 жылғы деңгейінде қалғанын мәлім етті, деп хабарлайды қордың баспасөз қызметі.

2024 жылға арналған зейнетақы жинағының жеткіліктілік шегі белгілі болды
Фото: sputniknews.kz

Бұл мән БЖЗҚ салымшысы зейнетақы жинағынан қанша қаражатты мерзімінен бұрын ала алатынын анықтау үшін қажет.

Жеткіліктілік шегі жас ерекшеліктеріне қарай 3-тен 10 миллион теңгеге дейін болады.

"Ең төменгі жеткіліктілік шегінің мөлшерін бұрынғы деңгейде сақтау ішінара кірістің болжамды жылдық пайыздық мөлшерлемесінің жоғарылауымен де байланысты. Осылайша, бекітілген әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер мен болжамды есептеулерді ескере отырып, 2024 жылға арналған ең төменгі жеткіліктілік шегінің мөлшері бұрынғы деңгейде сақталады", - делінген қор хабарламасында.

 

2024 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер:

1.

ең төменгі жалақы мөлшері - 85 000 теңге;

2.

мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері - 28 215 теңге;

3.

зейнетақының ең төменгі мөлшері-57 853 теңге;

4.

базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы – 43 407 теңге.