2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Президент тапсырмасы бойынша «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасы іске қосылды. Оның шарты бойынша барлық кәмелетке толмағандар Ұлттық қордың инвестициялық кірісінің 50 пайызын жыл сайын алатын болады.
БЖЗҚ мәліметінше, өткен жылдары балаларға есептелген сомалар Ұлттық қор активтерінің бір бөлігі ретінде инвестициялана береді. Нәтижесінде қосымша табыс болады.
Ата-ана не істеуі керек?
2006 жылы және одан кейін туған балалардың, оның ішінде қорғаншылыққа/қамқоршылыққа тағайындалған балалардың заңды өкілдері бүгінде «Ұлттық қор - балаларға» қор бағдарламасына қатысуды қамтамасыз ету үшін не істеуі керек:
Төлемдер қайда түседі?
Жобаның операторы мақсатты жинақтардың есебін жүргізетін және төлемдерін жүзеге асыратын Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) болып табылады.
Мақсатты талаптар мен мақсатты жинақтарды есепке алу доллармен жүргізілетін болады.
БЖЗҚ сайтында баланың ЖСН-ін пайдалана отырып, оның нысаналы талаптарға қатысушылар санатына қосылуы туралы ақпаратты тексеріп, аударым сомасын білуге болады.
Бұл ретте балалардың заңды өкілдері egov.kz сайтындағы жеке кабинетінде тексере алады: "балалар туралы мәліметтер" - бөлімінде әрбір жыл үшін нысаналы талаптардың сомасына есептелген нысаналы талаптардың және инвестициялық табыстың сомалары туралы деректер.
Ақшаны қашан алуға болады және неге жұмсауға болады?
Балалар 18 жасқа толғанға дейін нысаналы талаптар мен инвестициялық табыс мерзімінен бұрын алу құқығынсыз есептелетін болады. 18 жасқа толғаннан кейін қаражатты екі мақсатқа пайдалануға болады:
Айта кету керек, аударылғаннан кейін бұл қаражатқа инвестиция тоқтататылады.
Қандай жағдайларда аударым тоқтатылады?
Мақсатты талаптарды есептеу жобаға қатысушы қайтыс болған немесе қайтыс болды деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енген жағдайда, сондай-ақ азаматтығын жоғалтқан жағдайда тоқтатылады.
Қайтыс болған жағдайда мұрагерлер заңда белгіленген тәртіппен БЖЗҚ-дан мақсатты жинақтарды алуға өтініш бере алады.
Қандай жағдайларда жинақталған қаражатты алу мүмкін болмайды?
Қазақстаннан тұрақты тұруға басқа елге кеткен адамдар Ұлттық қор қаражатын пайдалану құқығынан айырылады.
Егер бала кәмелетке толған соң 10 жыл ішінде мақсатты жинақ талап етілмесе, олар оның жеке зейнетақы шотына түседі. Ал оларды алу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Дереккөз: Tengrinews.kz