Қостанайда үйінді астынан үш адамның денесі табылды.
Өртті сөндіру және іздестіру-құтқару жұмыстарына 263 төтенше қызмет қызметкері мен 61 бірлік техника жұмылдырылды. Сондай-ақ, «ДОС» және «ҚЫЗЫЛ ЖАРТЫ АЙ», «Регион 10» еріктілер топтары тартылды. Жарылыс салдарынан 12 адам зардап шегіп, 3 адам қаза тапты. Зардап шеккендердің 4-і облыстық ауруханаға, қалалық ауруханаға 6 адам жеткізілді. Медициналық көмекке 1 адам өз бетінше жүгінген, 1 адам медициналық мекемеге жатудан бас тартты, - делінген хабарламада.
Оқиға салдарынан 7 жеңіл және 5 жүк техникасы, сондай-ақ жақын маңдағы 12 тұрғын үй зақымданған.
«Қостанай қ. ПБ ҚР ҚК 292-бабы 3-бөлігі бойынша (абайсызда 2 және одан да көп адамның өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу) сотқа дейінгі тексеру басталды», - делінген облыстық әкімдік таратқан хабарламада.