Балқашта жоғалған қыздың денесі табылды (ВИДЕО)

Оны іздеуге 130-дан астам полиция қызметкері мен ерікті жұмылдырылды.

Балқашта жоғалған қыздың денесі табылды (ВИДЕО)
Фото: видеодан скриншот

Кеше кешкісін Балқаш қаласының полициясына 15 жастағы қыздың жоғалғаны туралы хабарлама келіп түсті. Құқық қорғау органына қызының жоғалғаны туралы жергілікті тұрғын айтып келді. Оның айтуынша, 10 желтоқсанда күндізгі сағат 16:00 шамасында қызы би үйірмесіне шығып, үйге келмеген.

Осыған байланысты қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері дабыл жүйесі іздеуге кірісті. Тәртіп сақшылары баланың болуы мүмкін деген такси және көлік тұрақтарын тексеріп, қала жолдарындағы бейнебақылау камераларының жазбаларын қарап, барлық аулаларды аралап шықты. Бірақ нәтиже болмады. Осыдан кейін қызды іздеуге еріктілер мен қала тұрғындары қосылды.

Бүгін таңертең Балқаш көлінің жағасынан жоғалған қыздың киімдері табылды. Одан кейін сағат 13:36 шамасында 2,5-3 метр тереңдіктен қыздың мәйіті шықты. Алдын ала болжам бойынша, ол өз-өзіне қол жұмсаған.