Прямая трансляция

Астана

Астана

-3.03°C

Ақмоладағы студент өліміне қатысы бар 4 адам ұсталды

Ішкі істер министрі Ержан Саденов Ақмола облысындағы студент өліміне түсінік берді, деп хабарлайды Paryz.kz. 

Ақмоладағы студент өліміне қатысы бар 4 адам ұсталды
Фото: Pixabay

«Бұл оқиғаның мән-жайын анықтадық. Іс тергелді, бірнеше қылмыстық іс қозғалды. Бірақ бұл жағдай кісі өлтіру емес екені анық. Біз мұны дәлелдедік. Дегенмен бұзақылық, бопсалау деректері болды. Бұл тұрғыда жәбірленушімен бұрын таныс болған төрт адам жауапкершілікке тартылып, қамауға алынды. Атап айтқанда, студенттің суицид жасағаны анықталды», — деді Е. Саденов Мәжілісте өткен Үкімет сағатынан кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып.