ҚР Бас прокурорының орынбасары Әсет Шындалиев журналистердің Қайрат Сатыбалды мерзімінен бұрын бостандыққа шығуы мүмкін бе деген сауалына жауап берді, деп хабарлайды Paryz.kz Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.
«Бірден айта кетейін, кінәсін толық ақтай алды деген ұғым болмайды. Шартты түрде босату туралы өтініш беру – әрбір сотталғанның құқығы. Бізде тек кәмелетке толмағандарға жыныстық сипатта қылмыс жасағандарға, адам өліміне әкеп соқтырған террористік және экстремистік қылмыстар үшін сотталғандарға ғана шектеу бар. Басқа сотталғандар ондай өтініш бере алады», - деді Бас прокуратура өкілі.
Оның айтуынша, Қайрат Сатыбалды өтініш берді екен деп мерзімінен бұрын қорытынды жасауға болмайды.
«Бірден ескертемін, кез келген адамның арыз беруге құқығы бар». Ол өтініш сотта қаралып жатыр, оның өтініш бергені бірден босатылады дегенді білдірмейді. Оны шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды немесе бас тарту туралы шешімді сот қабылдайды. Сот тәжірибесінде ондай өтінішке бас тарту жиі кездеседі», - деді Ә. Шындалиев.