Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

«Айка» тізімі қалай жарияланып кетті? – министр жауап берді

Ішкі істер министрі Ержан Саденовтың журналистердің «Айка» тізіміне байланысты қойған сұрағына жауап берді, деп хабарлайды Paryz.kz. 

«Айка» тізімі қалай жарияланып кетті? – министр жауап берді
Фото: Polisia.kz

Бұл факт бойынша қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр. Оның қорытындысы бойынша жауап беретін боламыз, - деді ведомство басшысы.

Ержан Саденов тізімді кім таратуы мүмкін екеніне болжам жоқ екенін айтты.

Әлеуметтік желілерде осы ақпарат тарап кетті. Қызметтік тексеріс жұмыстарын бастап кеттік. Қазіргі таңда тексеріс жалғасып жатыр, - деп толықтырды ол сөзін.

Оның сөзінше, тізімнің дұрыс не фейк екендігі қызметтік тексеріс нәтижесінен кейін ғана белгілі болады.