Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

3,5 жылға сотталған экс-әкім Болат Бақауов ақталып шықты

Сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін сотталған Павлодар облысының бұрынғы әкімі Болат Бақауовқа қатысты сот үкімінің күші жойылды, деп хабарлайды Paryz.kz. 

3,5 жылға сотталған экс-әкім Болат Бақауов ақталып шықты
Фото: gov.kz

Павлодар облысы прокурорының орынбасары бұрынғы облыс әкіміне қатысты істі қайта қарауды сұрады. Прокурордың мәліметінше, Болат Бақауовтың әрекетінде қылмыс құрамы болмаған.

Экономикалық тергеу департаменті тергеушісінің 2022 жылғы 22 қазандағы қаулысымен, яғни сот үкімі шыққаннан кейін ЖШС-нің салықты төлемегені туралы іс қылмыстық құқық бұзушылықтың болмауына байланысты тоқтатылды. Тергеушінің істі қысқартуына байланысты Павлодар облысының әкімшілік істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 2023 жылғы 10 мамырдағы шешімді заңсыз деп танылып, қосымша салықты есептеу туралы хабарламаның күші жойылды, – делінген сот хабарламасында. 

Осылайша, сот Бақауовты 2020 жылы "Ауыр зардаптарға әкеп соқтырған лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану" бабы бойынша кінәлі деп таныған үкімнің күшін жойды.

Еске салсақ, 2020 жылдың басында Павлодар облысының әкімін ҰҚК қызметкерлері ұстаған болатын. Болат Бақауов туысқанына салықты заңсыз есептен шығаруға көмектесті деген айыппен тұтқындалған.

Сот шешімімен Бақауовқа 3,5 жылға бас бостандығын шектеу жазасы берілген еді. Сондай-ақ оған өмір бойы мемлекеттік органдарда жұмыс істеуге тыйым салынды.