Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Президент тұрмыстық зорлық-зомбылық пен азаптауға қарсы күресті күшейтуді тапсырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Адам құқықтары мен заң үстемдігі саласындағы іс-қимыл жоспары туралы» жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Ақорда.

Президент тұрмыстық зорлық-зомбылық пен азаптауға қарсы күресті күшейтуді тапсырды
Фото: Halyq Uni

Жоспарда гендерлік теңдікті күшейтуге, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күреске, қылмыстық сот төрелігі саласында азаматтарды қорғауға, азаптау мен қатыгездіктің алдын алуға бағытталған бірқатар шара қамтылған. Бірлесу бостандығы құқығы мен еңбек құқығын, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету жолдары қарастырылған, - деп жазды Тоқаев.

Құжат адам құқықтарын қорғаудың ұлттық жүйесін нығайтады. Жоспарды жүзеге асыру шеңберінде тиісті заңдар қабылданады.

Үкімет жартыжылдықта 15 шілдеге және 5 қаңтарға дейін Қазақстан Республикасы Президентінің әкімшілігіне Іс-қимыл жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат ұсынуға тиіс.

Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.