Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

COVID-19: Бір күнде 16 адам қайтыс болды

Денсаулық сақтау министрлігі cәрсенбі күні 11 адам - коронавирустан, 5 адам коронавирус пневмониясынан қайтыс болғанын хабарлады.

COVID-19: Бір күнде 16 адам қайтыс болды
фото: ашық дереккөз

Ресми мәлімет бойынша, 27 қаңтарда Қазақстанда ПТР тесті оң шыққан тағы 1 413 адам тіркелді. 83 адамға коронавирус пневмониясы диагнозы қойылды, деп хабарлады paryz.kz.

Елімізде наурыз айынан бері коронавирус жұқтырғандар 182 530 адамға жетті. 164 319-ы жазылды. Кеше 1 163 адам сауыққан. 2020 жылдың наурыз айынан бері 2 521 адам қайтыс болған. Билік 2020 жылдың 1 тамызынан бері пневмонияның коронавирусқа ұқсас түріне жеке код беріп, бөлек есептеп келеді. Содан бері пневмонияның коронавирусқа ұқсас түрі 47 658 адамнан анықталған. Дәл осы диогнозбен 564 адам қайтыс болған. 35 436 адам жазылды.

Кеше Павлодар облысы (219) мен Ақмола облысында (213) ПТР тесті тапсырғандар арасында 200-ден астам адамнан оң нәтиже тіркелді.

Алматыда - 139, Нұр-Сұлтанда - 147, Шығыс Қазақстан облысында - 53, Атырау облысында - 70, Қарағанды облысында - 78, Батыс Қазақстан облысында - 95, Солтүстік Қазақстан облысында - 108, Қостанай облысында - 141, Алматы облысында - 64, Шымкент қаласында - 10, Жамбыл облысында - 23, Түркістан облысында - 10, Маңғыстау облысында - 10, Ақтөбе облысында - 6, Қызылорда облысында 11 адамнан коронавирус анықталды.

Қазір коронавирустан 27 348 адам емделіп жатыр. 11 658-інің ПТР тесті теріс шыққан. Оларға клиникалық белгілері бойынша Covid/коронавирус пневмониясы диагнозы қойылды. 6 525 науқас стационарда емделіп жатыр.