Жүргізуші ауылдық округтегі әкімдікте жұмыс істеген. Көлікті мас күйде басқарған ол электр бағанасына соғылған. Оқиға 4 желтоқсанда болған.
"Жол апаты салдарынан Катонқарағай ауылдық әкімдігіне материалдық залал келтірілді. Залал ерікті түрде өтелді", - деп нақтылады баспасөз қызметі.
Сот жүргізушіні ҚР Әкімшілік кодексінің 608-бабының 3-бөлігімен 20 тәулікке қамауға алу туралы шешім шығарып, жеті жылға көлік құралдарын басқару құқығынан айырды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.