Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Шығыс Қазақстанда әкімдіктің жүргізушісі мас күйде жол апатына түсті

Шығыс Қазақстанда әкімдіктің мас күйде көлік жүргізген жүргізуші жол апатын жасады, деп хабарлайды Paryz.kz YK-news.kz сайтына сілтеме жасап.

Шығыс Қазақстанда әкімдіктің жүргізушісі мас күйде жол апатына түсті
Мигалки на полицейской машине - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.12.2023 © Sputnik / Абзал Калиев

Жүргізуші ауылдық округтегі әкімдікте жұмыс істеген. Көлікті мас күйде басқарған ол электр бағанасына соғылған. Оқиға 4 желтоқсанда болған.

"Жол апаты салдарынан Катонқарағай ауылдық әкімдігіне материалдық залал келтірілді. Залал ерікті түрде өтелді", - деп нақтылады баспасөз қызметі.

Сот жүргізушіні ҚР Әкімшілік кодексінің 608-бабының 3-бөлігімен 20 тәулікке қамауға алу туралы шешім шығарып, жеті жылға көлік құралдарын басқару құқығынан айырды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.