Жаңа жылдан бастап зейнетақы жүйесіне бірқатар өзгерістер енгізіледі, деп хабарлады Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры.
2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап азаматтармен қатар жұмыс беруші де міндетті жарна төлеуді бастайды.
Бұл бірінші кезекте салымшының табысын арттыруды көздейді.
Жарна көлемі айлық жалақыға байланысты және 1975 жылдың бірінші қаңтарынан кейін туған қызметкерлерге ғана қатысты.
Жұмыс берушінің жарнасы 2028 жылға дейін 5 пайызға өсуі тиіс. Бірақ кезең-кезеңімен арттырылады.
Нақтырақ айтсақ, 2024 жылы - 1 жарым пайыз мөлшерде, 2025 жылы - 2 жарым пайыз, 2026 -да - 3 жарым пайыз, 2027 жылы - 4 жарым пайызға, ал 2028 -де 5 пайыз мөлшеріне жететін болады.
Бұл ретте жұмысшының айлығы ең төменгі жалақы мөлшерінен кем болуы шарт әрі 50 есе артық болмауы да міндетті. Ал жарнаның қалған он пайызы бұрынғысынша, жұмысшының жалақысынан ұстала береді.