Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Астанада жедел медициналық жәрдем станциясының басшысын ұстады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі елорда департаменті баспасөз қызметі «Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы» мемлекеттік кәсіпорынның директоры ұсталғанын мәлім етті.
Антикор өкілі Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге мәліметтер жария етуге жатпайтынын атап өтті.