Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Өзбекстанда қылмыс әлемнің авторитеттері ұсталып жатыр (ВИДЕО)

Өзбекстанда қылмыс әлемнің авторитеттері ұсталып жатыр. ELTUZ-дың хабарлауынша, елдің әр бұрышында жүрген қылмыс әлемінің бірнеше лидері тұтқындалды, деп хабарлайды  Paryz.kz Halyq Uni-не сілтеме жасап

Өзбекстанда қылмыс әлемнің авторитеттері ұсталып жатыр (ВИДЕО)
Коллаж: Halyq Uni

Олардың арасында 73 жастағы Салимбай Абдуллаев пен 52 жастағы Бахтиер Кудратуллаев та бар. Біріншісі көпшілікке «Салимбай» немесе «Салимбойвачча» деген атпен танымал болса, екіншісі «Бахти Ташкентский» деген лақап атымен белгілі авторитет.

Тағы бір авторитетті ұстау мүмкін болмады. Әңгіме Азия бокс федерациясының бұрынғы президенті, Азия бокс конфедерациясының президенті «Қара Гафур» деген лақап аты бар Гафур Рахимов туралы болып отыр.

Өзбекстан полициясының арнайы жасағы оның үйіне барғанда ол үйінде болмаған. Одан кейін арнайы жасақ кәсіпкердің саяжайына барған. Бұл жерден де табылмаған.

Полицияның хабарлауынша, ол бойтасалап, Өзбекстаннанның бір жерінде жасырынуы мүмкін. Басқа дерекке қарағанда, Рахимов Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласына қашып кеткен. Ал Салимбай Абдуллаев пен Бахтиер Кудратуллаев өз үйдерінде ұсталған. Өзбекстанның құқық қорғау органдарының арнайы жасағы оларды көптеген күзетші, нөкерлерімен қоса автозакқа отырғызып, ішкі істер департаментіне әкеткен. Сол жерде «Салимбай» өзін жайсыз сезініп, жедел жәрдем көлігін шақыртқан. Алайда жедел жәрдем полиция участогына жетіп келгенімен ол ешқайда жіберілмеген.

Заң бәріне бірдей. Солай емес пе? Әлде біз қателесеміз бе?, – деді қалалық ішкі істер департаментіндегі полицейлер.

Салимбай Абдуллаев – бұрынғы Кеңес Одағы кеңістігіндегі белгілі кәсіпкер, меценат, филантроп. Ол 1997 жылдан бері Өзбекстанның спорт күресі қауымдастығын басқарып келеді. Ал 2017 жылы ол Өзбекстан Олимпиада комитеті төрағасының орынбасары қызметіне сайланған. Кейбір деректе ол қылмыс әлемінің белсендісі болып саналады. Осыдан бірнеше жыл бұрын АҚШ-тың Өзбестандағы елшісі кәсіпкерді «өзбек мафиясының белді өкілі» деп атаған.

«Бахти Ташкентский» болса, жақындарының бірімен хабарласып, бір-екі жыл «үйде» болатынын айтыпты. Оның «үй» дегені түрме болып тұр. Қылмыс әлемінде түрмені «үй» деп атайды.

«Үйде» біраз тәртіп орнату керек екен. «Үйге» бармағанымызға да көп болыпты ғой, – деген екен ол серігінің біріне.

«Қара Гафурға» келсек, ол әуелі Қазақстанға барып, одан кейін Дубайға Шымкенттен жеке ұшағымен ұшып кеткен көрінеді. Оны Дубайда өз көзімен көрген адамдар бар екен.

Жалпы, полицияның арнайы операциясы кезінде 200-ге жуық авторитет қолға түскен. Олардың бәрі Ташкентте ұсталған. Оның ішінде Саидазиза Саидалиева («Саидазиз медгородок»), Баходир Султанов («Бохо-Завхоз», «Зики эски шахар»), Аббас Хаджаев («Конторский»), Жахонгир Бадалов («Снобс»), Эдем Осанов («Азиз чучвара»), Дилшод Шарипов, Анвар Мирзаханов, «Шукур Янгибазарский», «Аваз коракамиш» деген танымал авторитеттер де бар.