Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Еліміздің 13 облысында дауылды ескерту жарияланды

Астанада және еліміздің 13 облысында 5 желтоқсанда дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Paryz.kz ақпарат порталы "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Еліміздің 13 облысында дауылды ескерту жарияланды
Фото: Pixabay

Астанада көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде жаяу бұрқасын жүреді, оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді.

Ақмола облысында көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында боран соғады, өңірдің батысында, оңтүстігінде тұман болады деп болжанады. Түнде облыстың басым бөлігінде оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, шығысындағы екпіні 23-28 м/с, күндіз өңірдің солтүстігінде, шығысындағы екпіні 15-20 м/с құрайды. Көкшетауда көктайғақ болады, оңтүстік-батыстан түнде және таңертең соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

Қостанай облысында ауа температурасы күндіз 0, -5 градустан -10,-15 градусқа дейін күрт төмендейді деп күтіледі, ал облыстың батысында сынап бағаны -18 градусты көрсетеді.

Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде боран соғып, көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман түседі. Күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Атырауда түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 15-18 м/с.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ болады, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Облыстың солтүстігінде оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Қарағандыда күндіз көктайғақ болады деп күтіледі.

Ақтөбе облысының солтүстігінде көктайғақ, облыс орталығында, оңтүстігінде тұман болады деп болжанады. Кешке қарай өңірдің батысында, орталығында жаяу бұрқасын жүреді. Облыс орталығында, батысында оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 18 м/с құрайды. Сынап бағаны -2, +3 градустан -7,-12 градусқа дейін күрт төмендейді, облыстың батысында -15 градус суық болады деп болжанады.

Павлодар облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде қар ұшқындап, көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с дейін жетеді. Павлодарда күндіз көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыс күндіз екпіні 15-20 м/с.