Прямая трансляция

Астана

Астана

-3.03°C

«Слово пацана. Кровь на асфальте»: Алматы облысының полициясы сериалды сынға алды

Алматы облысы Қарасай ауданының полициясы «Слово пацана. Кровь на асфальте» фильмін сынға алып, осы сериалдың жасөспірім мен жастардың тәрбиесіне кері әсерін тигізуі мүмкін екенін ескертті.

«Слово пацана. Кровь на асфальте»: Алматы облысының полициясы сериалды сынға алды
Фото: gazetametro.ru

Бұл сериал биыл Ресейде шыққан, 16 сериядан тұрады. Сериалда өткен ғасырдың 80-жылдары Кеңес Одағында мектеп оқушылары арасындағы шындыққа негізделген оқиғалар түсірілген. Онда мектеп оқушыларының өздері тұратын аудандарға бөлініп, бір-біріне әлімжеттік көрсетіп, қылмыс жасайтын оқиғалар баяндалған.

Қарасай ауданы полиция басқармасының бастығы, полиция майоры Елзат Қанатұлының айтуынша, мұндай фильмдер балалар, жасөсіпірімдер мен жастар арасында бандитизмді насихаттап, өскелең ұрпақты теріс жолға түсіреді.

Бұл сериал жастар алдында қылмыстық әлем туралы жалған түсінікті қалыптастырады. Өкінішке қарай, «18+» белгісіне қарамастан, кез келген адам сериалды интернетте көре алады. Қазірдің өзінде қылмыстық идеология жер-жерде таралып жатыр. Жасөспірімдер 80-жылдардағыдай ұйымдасқан қылмыстық топтар құрып, аула-аулаға бөлініп, бір-біріне ықпал етуге тырысады. Төбелестің жиі болып жатқаны да содан. Осының бәрі видеоға түсіп, біздің алдымызға келіп жатыр, – деді ол.

Оның айтуынша, Қарасай ауданының полиция басқармасы ата-аналар мен ересек адамдарға баланың іс-әрекетіне жауап беруге шақырады. Кезінде «Бригада», «Бумер» сияқты фильмдер шыққанда балалар мен жасөспірімдер солардың кейіпкерлеріне ұқсағысы келіп, соларға еліктеп, қылмыс жасаған. Полиция басқармасы алдағы кезде жастардың «Слово пацана. Кровь на асфальте» сериалына да еліктеп, заңға қайшы істермен айналысуы мүмкін екенін ескертеді. Сондықтан әрбір ата-ана, ересек азамат жастардың тәрбиесіне баса мән беруі керек.