ҚМДБ 2024 жылғы діни күндер кестесін бекітті: Ораза қашан басталады

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімі 2024 жылғы діни күндер кестесін бекітті, деп хабарлайды Paryz.kz.

ҚМДБ 2024 жылғы діни күндер кестесін бекітті: Ораза қашан басталады
Фото: muftyat.kz

Бекітілген күнтізбеге сәйкес, 2024 жылы Рамазан айы 11 наурызда басталады. Ал қасиетті Қадір түні 5-нен 6 сәуірге қараған түнге түсіп тұр. Ораза айт мейрамы 10 сәуірде болады.

Ал, Құрбан айт 17, 18 және 19 маусым күндеріне сәйкес келіп тұр. 

Хижри айлардың басталуы халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының мәліметтері негізінде жасалды.

Пәтуа мамандары діни мерекелердің нақты күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты көрсетілген уақыттан бір күн шегерілуі немесе алға жылжуы мүмкін екенін ескертеді.