Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

18 жыл іздеуде болған әйел жезөзекшелер притонынан табылды (ВИДЕО)

Ішкі істер министрлігі интимдік сипатта қызмет көрсететін притондарды тексеріп жатыр, деп хабарлады Paryz.kz. 

18 жыл іздеуде болған әйел жезөзекшелер притонынан табылды (ВИДЕО)
Фото: polisia.kz

Рейдтің алғашқы тәулігінде жезөкшелікпен айналысу үшін үй-жай берудің 70-тен аса фактісі анықталды.

Кінәлілер Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 450-бабы («Көрінеу жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық үшін үй-жай ұсыну») бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл бап бойынша 100-ден 1000-ға дейінгі АЕК (345 мың теңге – 3 млн 450 мың теңге) айыппұл салу көзделген. Сондай-ақ 5 жеңгетайлық дерегі анықталды.

Жедел-профилактикалық іс-шаралар барысында бұрын жасалған қылмыс анықталды. Онда Семей қаласының тұрғынынан 3 млн теңге ұрланған. Оны жәбірленушінің банк картасынан интимдік қызмет көрсеткен қыз ұрлап алған. Кейін күдікті ақшаны шешіп алған.

Сонымен қатар Түркістан облысында 18 жыл бойы іздеуде жүрген әйел Атырау облысынан табылды. Ол 2005 жылы 16 жасында ата-анасымен жанжалдасып, үйден кетіп қалған. Кейін әртүрлі қалаларда тұрған. Содан бері ол жақындарымен араласпай, хабар-ошарсыз кеткен. Әйел Алматы және Шымкент қалаларында түрлі мекемелерде тазалаушы болып жұмыс істеген. Бірнеше күн бұрын Құлсары қаласына келген. Бұл дерек бойынша Түркістан облысының полиция департаментіне дереу хабар беріп, әйел туыстарымен байланысқа шықты. Жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ азамат бүгінде полиция бақылауында. Оны туыстарына жіберу үшін тиісті шаралар қабылданып, құқықтық кеңес берілді.

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөліністері қылмыстық және әкімшілік полициямен бірлесіп, рейдтік іс-шараларды жалғастыратын болады.