Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

"Діни ағым өкілдері есірткі тасымалдаған" - ҰҚК (ВИДЕО)

Атырау қаласының мамандандырылған тергеу сотының шешімімен күдіктілерге қамауға алу бұлтартпау шарасы қолданылды.

"Діни ағым өкілдері есірткі тасымалдаған" - ҰҚК (ВИДЕО)
фото: видеодан скриншот

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстанның батысында есірткі жеткізуге қатысы бар деструктивті діни ағымның жақтастарын ұстады, деп хабарлады paryz.kz, ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"13 қаңтарда ҰҚК Атырау облысы бойынша департаменті Ақтөбе облысы бойынша департаментімен бірлесе отырып, жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде өсімдік түрлі есірткі тасымалдау арнасын ұйымдастыруға қатысты бар топ мүшелерін құрықтады. Бұл факт ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы ("Есірткі, психотропты заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", -  делінген ведомствоның хабарламасында.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған азаматтар - деструктивті діни ағымның жақтаушылары. Атырау қаласының мамандандырылған тергеу сотының шешімімен күдіктілерге қамауға алу бұлтартпау шарасы қолданылды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.