Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Алматыда 13 адам қаза тапқан хостелдің басшысы ұсталды

30 қарашадағы «Алматы Хостел» ғимаратындағы өрт оқиғасына байланысты ҚР ҚК-нің 292-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, деп хабарлады Paryz.kz.  

Алматыда 13 адам қаза тапқан хостелдің басшысы ұсталды
Фото: inform. kz

Бас Прокурордың тапсырмасына сәйкес қылмыстық іс арнайы прокурордың іс жүргізу өндірісіне қабылданды. Құқық қорғау органдарының тәжірибелі қызметкерлерінен құралған ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды. Өрттің шығу себебі мен алғышарттарын анықтау мақсатында оқиға орнына қарап-тексеру жүргізіліп, сараптамалар тағайындалып, өзге де жедел-тергеу іс шаралары ұйымдастырылып жатыр. Сол күні осы қылмысты жасады деген күдікпен хостелді жалға алушы А.Мухамедъяров прокурорлармен ұсталып, уақытша ұстау изоляторына оқшауландырылды, - делінген Бас прокуратураның хабарламасында.

Тергеу аясында хостелдің қызмет көрсетуіне қатысы болған барлық тұлғалардың әрекетіне құқықтық баға беріледі. Қылмыстық іс тергеуі Бас Прокурордың бақылауында болады.