Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Енді жол апатына түсіп қалғандар полиция шақырмай-ақ өтемақы ала алады

Қазақстанда жол қозғалысының жаңа ережелері енгізіледі. Енді жүргізушілер жол-көлік оқиғасын полиция шақырмай-ақ онлайн тіркеп, сақтандыру компанияларынан қаржылай өтемақы ала алады.

Енді жол апатына түсіп қалғандар полиция шақырмай-ақ өтемақы ала алады
фото: egemen.kz

Ішкі істер министрлігі жариялаған жол қозғалысының жаңа ережелеріне сәйкес, 1 қаңтардан бастап тұрғындар жол-көлік оқиғасын онлайн тіркей алады. Бұл үшін арнайы мобильді қосымшаны жүктеуі қажет.

Апатты онлайн тіркеу үшін қатысушылардың сақтандыру полисі жарамды болуы қажет және апаттан зардап шеккендер болмауы керек. Осылайша, тәртіп бұзған жүргізуші айыппұлдан полиция шақырмай-ақ құтылады.

Олар бұл қосымшаға онлайн кіріп, сол жерде болған апаттың суреттерін жіберіп, тіркейді. Сақтандыру агенттеріне осы ақпарат беріліп, олар белгілі бір жүргізушіге келтірілген шығынды төлейді, – деді ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова.

Бұрылу кезінде жүргізушілерден қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету және басқа қатысушыларға кедергі жасамау талап етіледі. Бұрылған жағдайда көлік қарсы бетте келе жатқан көлік жағына өтіп кетпеуі қажет. Бірақ, сарапшылардың пікірінше, заңдағы мұндай кішігірім өзгертулер жалпы жолдағы жағдайды өзгертуге көмектеспейді. Қазақстанға кешенді құқықтық реформа қажет.

Жаяу жүргіншілерге арналған қосымшалар да бар. Бағдаршамның жасыл шамы жанса да адамдар қозғалысын аяқтап жатқан көліктерге жол беруі керек. Бұл әрекет кептелістің пайда болуына жол бермейді.