Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

«Анасынан қорқады». Алматы облысында аш күйінде табылған 6 жасар баланың қазіргі жағдайы айтылды

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Іле ауданында бірнеше күн нәр тартпай – аш күйінде табылған 6 жасар баланың қазіргі жағдайын айтты, деп хабарлады Paryz.kz Halyq Uni-не сілтеме жасап. 

«Анасынан қорқады». Алматы облысында аш күйінде табылған 6 жасар баланың қазіргі жағдайы айтылды
фото: gov.kz

Бұған дейін Алматы облысының прокуратурасы мен жергілікті полиция «Бақытты және қауіпсіз балалық шақ» акциясы аясында Іле ауданында үйінде аш жатқан 6 жасар баланы тапты. Оның сөйлеуге, жүруге шамасы болмаған. Дәрігерлер балаға пневмония диагнозын қойып, ол шұғыл түрде ауруханаға жатқызылды.

Алматы облысының әкімі үйінен аш күйінде табылған баланың қазіргі жағдайын айтты.

Ол 3 жасына дейін қарапайым балалар сияқты дамыған. Бірақ кейін баланың ақыл-есінің дамуы тежелген. Қазір ол емделіп жатыр. Әрине, тұрған жері өте нашар: үйінің ұйқы-тұйқысы шыққан, ол жерде мысық қаптап жүр және жағымсыз иіс жайлаған. Анасы баласына қарамаған. Бала бейтаныс адамдардан ғана емес, анасынан да қорқады. Қазір баланы дәрігерлер мен психологтар қарап жатыр, - деді облыс әкімі.