Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Мектепте балаларға балтамен шабуылдаған оқушыға қатысты үкім шықты

Алқа билермен бүгін Солтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында кәмелет жасына толмаған бала оқушыларды өлтіруге оқталғаны үшін кінәлі деп танылды, деп хабарлады Paryz.kz. 

Мектепте балаларға балтамен шабуылдаған оқушыға қатысты үкім шықты
фото: pkzsk.info

Еске сала кетсек, облыс орталығының мектептерінің бірінде сол мектептің оқушысы алдын ала дайындаған бетперде киіп, оқушыларға үйден әкелген балтамен әртүрлі дене жарақатын салған.

Мемлекеттік айыптаушымен алқа билерге оның кінәсін растайтын бұлтартпасыз дәлелдер, мектепте болған оқиғаның бейнежазбасы ұсынылды. Даусыз фактілерді ескере отырып, оқушы Қылмыстық кодекстің 24-бабы 2-бөлігі, 99-бабы бойынша 6 жыл 9 айға кәмелетке толмағандармен жазасын өтеу үшін бас бостандығынан айыруға түзету колониясына жіберілді, – делнген сот хабарламасында.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.