«Павлодар-Шарбақты» автожолының 20 шақырым жерде жол-көлік оқиғасы тіркелді. Павлодар ауданы Кемеңгер ауылына жақын жерде «Фольксваген Гольф» көлігінің 54 жастағы жүргізушісі жол жиегінде келе жатқан жаяу жүргіншіні қағып кеткен, деп хабарлайды Paryz.kz.
«Жол-көлік оқиғасының салдарынан жаяу жүргінші алған жарақаттарынан сол жерде көз жұмды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сараптама тағайындалды», – деді департаментте.
Автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды.