"Жолаушылар тасымалы" АҚ Тәуелсіздік күні мерекесі мен Жаңа жыл мейрамы қарсаңында жолаушылар тарапынан пойыздарға сұраныс күрт артатынына байланысты қосымша пойыздарды бірнеше бағыттарға қосады.
Қосымша пойыздар келесі бағыттар бойынша қатынайды:
- №201/202 "Нұр-Сұлтан 1-Шымкент". Жүретін күндері – Астанада 15, 29 желтоқсан және 2024 жылдың 1 қаңтары, ал Шымкенттен 16, 30 желтоқсан мен 2024 жылдың 2 қаңтарында;
- №203/204 "Нұр-Сұлтан Нұрлы жол-Алматы 2". Жүретін күндері - 15, 28, 29 желтоқсаны және 2024 жылдың 1, 2 қаңтары "Нұрлы жол" вокзалынан, ал Алматы 2 вокзалынан - 16, 29, 30 желтоқсан және келер 2024 жылдың 2-3 қаңтар;
- №7510/7509 "Астана-Павлодар" электр пойызы. Жүретін күндері - 15, 29, 30 желтоқсан, ал кері бағытта - 18 желтоқсан 2024 жылдың 2 қаңтары;
"Бұдан басқа сұранысы көп бағыттар бойынша техникалық мүмкіндік болған кезде жолаушылар пойыздарына қосымша вагондар қосылады", - дейді компания мамандары.