Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Алматыда «Қарызды төле – өсімпұлды алып тастаймыз!» атты науқан жалғасып жатыр

Алматыда жылыту және ыстық сумен жабдықтау қызметі үшін коммуналдық кәсіпорын алдындағы қарызды айыппұлсыз төлегісі келетін жылу энергиясын пайдаланатын тұтынушылар үшін «Қарызды төле - өсімпұлды алып тастаймыз!» атты науқан жалғасып жатыр, – деп хабарлайды Paryz.kz.

Алматыда «Қарызды төле – өсімпұлды алып тастаймыз!» атты науқан жалғасып жатыр
Фото: ашық дереккөз

Науқан басталған бір ай ішінде берешектерінің жалпы сомасы 19 143 333,28 теңге 171 борышкер өсімпұлды алып тастау мүмкіндігін пайдаланды, акция аясында жалпы сомасы 9 154 707,59 теңге өсімпұл есептен шығарылды. Естеріңізге сала кетейік, науқан 2023 жылғы 29 желтоқсанда аяқталады, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Бұл өсімпұлды үнемдеумен бірге, мүлікке, сонымен қатар борышкердің банктегі есеп шотына салынған шектеулер мен тыйымды алып тастауға мүмкіндік береді.

Науқанға қатысу үшін биыл 29 желтоқсанына дейін берешекті толық төлеп, «Алматы жылу жүйесі» ЖШС-на өтінішті, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, төлем туралы кассалық чекті [email protected] электрондық поштаға ұсыну қажет немесе сол аумақта орналасқан тұтынушыларға қызмет көрсету орталықтарының біріне жүгіну керек. 

ТҚКО мекенжайлары және байланыс деректері:
- «Батыс» ТҚКО (Алатау, Әуезов және Наурызбай аудандарына қызмет көрсетеді) – «Ақсай-4» ықшам ауданы, 51-Б, телефондары: 341-05-30, WhatsApp: +7 (701) 300-70-69, е-mail: [email protected];

- «Орталық» ТҚКО (Алмалы және Бостандық аудандарына қызмет көрсетеді) – Шапық Шөкин көшесі, 221-В, телефондары: 341-05-28, 341-05-29, WhatsApp: +7 (701) 300-70-65, е-mail: [email protected];

- «Шығыс» ТҚКО (Жетісу, Медеу және Түрксіб аудандарына қызмет көрсетеді) – Наманған көшесі, 39-А, телефондары: 341-05-33, WhatsApp: +7 (701) 300-70-54, е-mail: [email protected].

Сонымен қатар, мына телефон 341-07-77 нөміріне қоңырау шалу арқылы АлЖЖ анықтамалық қызметіне хабарласу арқылы берешек туралы ақпарат немесе жылу энергиясын есептеу бойынша кеңес алуға болады. WhatsApp нөмірі де жұмыс істеп тұр: +7 (701) 027-11-20 (хабарлама үшін). Қарыз төленбеген жағдайда борышкерге жылу беру тоқтатылып, берешек сот арқылы өндіріліп алынады.