Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев аппарат отырысында директорларға мұғалімдерді қудалауды тоқтатуды ескертті, деп хабарлайды Paryz.kz.
Оның айтуынша, оған мұғалімдерден қайта-қайта түсініксіз есептерді жинауға, құжат айналымының ұлғаюына қатысты арыз-шағымдар келіп жатыр.
Әріптестер! Маған қайта-қайта түсініксіз есептерді жинауға, құжат айналымының ұлғаюына қатысты педагогтерден арыз-шағымдар келіп түсіп жатыр. Ұйым басшылары, білім бөлімдері мен білім басқармалары өз бетінше шешім қабылдауды тоқтатуы қажет! «Педагог мәртебесі туралы» заң талаптарын сақтау керек. Тағы да айта кетейін, әрбір осындай шағым үшін мектеп директорлары, білім басқармалары мен бөлімдерінің басшылары жауапты болады, – деді министр.
Ғани Бейсембаевтың сөзінше, ұстаздардың сапалы білім, саналы тәрбие беруіне барынша жағдай жасалу керек.
Ұжымдағы микроклиматқа өте мұқият болу керек. Талап болады. Талаптың барлығы заң шеңберінде койылуы керек. Әрбір мұғалім өзінің алдындағы балаға сапалы білім беруге ұмтылуға тиіс. Артық, заң шеңберінен тыс қудалаулар немес басқа да дүниелерді жасуды доғару керек, – деді Ғ.Бейсембаев.