Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

«Қан құсқан»: Ақтөбеде 21 жастағы курсант көз жұмды

Ақтөбе заң институтының курсанты облыстық фтизиопульмонологиялық орталықта көз жұмды. Қазіргі кезде өлімнің себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды, деп хабарлайды Paryz.kz Kazinform-ға сілтеме жасап. 

«Қан құсқан»: Ақтөбеде 21 жастағы курсант көз жұмды
фото: Halyq uni

Агенттік мәліметінше, курсант облыстық фтизиопульмонологиялық орталыққа 21 қарашада сағат 15:29-да жеткізіліп, бірден жансақтау бөліміне жатқызылған. Оған екі жақты пневмония диагнозы қойылған. Қос өкпесінің 80 пайызы зақымданғаны анықталған.

"Инфекциялық-токсикалық шок болды. Инфекциялық эндокардиттің ауыр түрі еді. Екіжақты экссудативті плеврит те белгілі болды. Ол қан құсқан. Оған қоса жеңіл дәрежеде қаназдық дертіне шалдыққан. Бірден ем жүргізіліп, күн сайын консилиум өтті. Оған штаттан тыс бас пульмонолог Л.М.Төлегенова қатысты. Өкінішке қарай науқас 27 қараша күні көз жұмды. Өкпе-жүрек жетіспеушілігінен деп айтылып отыр. Курсанттың денесі сот-медициналық сараптама орталығына берілді. Барлығы сол сараптамадан кейін нақты анықталады", - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаев.

Агенттік тілшісі институт болған қайғылы жағдайды растағанын, дегенмен ақпарат таратпағанын атап өтті.