Алматы облысының прокуратурасы мобильдік топтардфң бір айда 400 астам отбасыны тексергенін мәлімдеді. Оның ішінде полиция және пробация органдарында есепте тұрған тұлғалар, тұрмысы қолайсыз, толық емес және табысы аз отбасылар, сондай-ақ балалар өгей әкелермен тұратын отбасылар анқталды, деп хабарлайды Paryz.kz.
Жалпы, біріккен рейдтер нәтижелері бойынша әкімшілік жауапкершілікке 51 ата-ана тартылды, оның ішінде:
«Жауапсыз ата-аналардан 15 бала алынды, сотқа ата-ана құқықтарын шектеу туралы 7 талап қою берілді. Азық-түлік, көмір және балаларға жылы киім түрінде материалдық көмек 86 отбасыға көрсетілді. Медициналық тексеруден 901 бала өтті, 16 бала ауруханаға жатқызылды», - деді прокуратура өкілдері.
Мысалы, Іле ауданында аштан жүдеу, сөйлеуге және жүруге мұршасы қалмағанған 6 жасар Ч.М. анықталды. Бала жедел түрде «Екі жақты пневмония» диагнозымен аудандық ауруханаға жатқызылып, оған медициналық көмек көрсетілді.
Райымбек ауданында үш баласы аштан жүдеу отбасы анықталды. Оларға медициналық көмек көрсетіліп, қысқы қиім сатып алынды, екі бала жазылған соң балабақшаға, ал үлкені мектеп интернатқа орналастырылатын болады.
Балқаш ауданында үш отбасында өгей әкелер балаларды ұрып-соққаны анықталды, полиция органдарымен кінәлі тұлғаларға қатыcты ӘҚБтК 73-2-бабы (Ұрып-соғу) бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер қозғалды.