Прямая трансляция

Астана

Астана

-4.03°C

Велосипед ұрлаған ресейлік 12 жылдан кейін Павлодарда ұсталды

Осы уақытқа дейін ол тұрғылықты жерін үнемі өзгертіп отырған. Ер адам Павлодардың жалдамалы пәтерлерінің бірінде ұсталды.

Велосипед ұрлаған ресейлік 12 жылдан кейін Павлодарда ұсталды
фото: ашық дереккөз

Павлодарлық полицейлер Ресейдің 31 жастағы азаматын ұстады. Ер адам велосипед ұрлығы үшін 12 жыл мемлекетаралық іздеуде болған. Қазір ұсталған ол Павлодардың уақытша ұстау изоляторында отыр, деп хабарлады paryz.kz, облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Павлодар облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, жас жігіт 2009 жылы Ресейдің Иваново қаласында велосипед ұрлаған. Сол кезде кейін ресейлік әріптестер күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғаған. Іздеу салынған ресейлік 12 жыл бойы полициядан жасырынып келді. Осы уақытқа дейін ол тұрғылықты жерін үнемі өзгертіп отырған. Ер адам Павлодардың жалдамалы пәтерлерінің бірінде ұсталды. Біз іздеу салғандарға іздестіріліп жатқан азаматтың ұсталғаны туралы хабарладық. Оны экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр", - деді Павлодар облысы ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Балғабай Қапаров.