Павлодар облысында екі оқушыны көлік қағып кетті, деп хабарлайды Paryz.kz.
Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, 26 қараша күні Екібастұз қаласында М.Жүсіп көшесі бойымен келе жатқан Shevrolet Cobalt маркалы автокөлігінің жүргізушісі кәмелетке толмаған баланы қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккен оқушы ауруханаға жеткізілді.
Ал 27 қарашада Павлодар қаласының Павлов көшесі бойында ВАЗ-21906 маркалы көліктің иесі белгісіз жерде жолдан өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қақты.
«ЖКО фактілері бойынша тексеріс жүргізілуде. Сараптамалар тағайындалды», – деді департаментте.
Тәртіп сақшылары жаяу жүргіншілерден жолды кесіп өткенде мұқият болуды сұрайды.