Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Павлодар облысының әкімі қанша жалақы алатыны белгілі болды

Орталық коммуникациялар қызметінде Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов қанша жалақы алатынын айтты, деп хабарлайды Paryz.kz BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

Павлодар облысының әкімі қанша жалақы алатыны белгілі болды
фото: Арман Мухатов

Облысы әкіміне БАҚ өкілдері өңірдегі орташа жалақы мен әкімнің қанша жалақы алатынын сұрап, сауал жолдады.

Мен қарапайым отбасында өстім. Әкем ауылда қарапайым жүргізуші, кейін комбайн жүргізушісі, гараждың меңгерушісі болды, ал анам ауылда дәрігер-акушер болып жұмыс істеді. 1994 жылы алғашқы жалақым 3 мың теңге болды. Студент кезімнен бастап жұмыс істедім. Шетелде білім алдым. 10 жыл қаржы секторында еңбек еттім. 3 жоғары білім алдым. Оның екеуін алу үшін шетелде оқыдым. Сондай-ақ, 14 жыл жеке бизнесте болдым. Жалақым басқа әріптестерім сияқты. Ал өңірдегі орташа жалақы 315 мың теңге,- деді Асайын Байханов.

Журналист әкімнің жалақысын қайта сұрамақ болған кезде мүмкіндік бермеді. Бірақ келесі журналист әріптесінің сұрағын қайта қойып нақтылады.

1 миллион 700 мың теңге жалақы аламын, - деді Асайын Байханов.