Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Қазақстанда пандемиядан кейін халықтың қарызы күрт өсті

3 жыл бұрынғы пандемияның қазақстандықтардың қалтасына әсері әлі тоқтаған жоқ. Осы уақыт аралығында азаматтарымыздың несиесі 30 пайызға өсіп кеткен, деп хабарлайды Paryz.kz Qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап. 

Қазақстанда пандемиядан кейін халықтың қарызы күрт өсті
Фото: freepik.com

Қазір халықтың банк алдындағы жалпы берешегі 15,6 трлн теңгеге жетті. Бұл қарыздың 60 пайызы -тұтынушылық несие. 34 пайызы баспана ипотекасы болса, 6 пайызы автонесие сияқты өзге қажеттіліктер үшін алынған.

Дегенмен, қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ақпаратынша, қазақстандықтардың жиған қаржысы одан да көп. Жеке тұлғалардың депозиттерінде 17 трлн теңгеден астам қаржы бар.