Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Жалған дипломмен ауылға барған мамандар анықталды

"Дипломмен ауылға" мемлекеттік бағдарламасына жалған құжатпен қатысқан ондаған адам анықталды. Барлығы жеңілдікпен миллиондап ақша алған, деп хабарлайды Paryz.kz бас прокуратурға сілтеме жасап.

Жалған дипломмен ауылға барған мамандар анықталды
© Sputnik / Абзал Калиев

Жалған дипломмен жұмысқа ауылға барған мамандар бірнеше облыста анықталды.

"Мәселен, 2021жылы К. есімді азамат жалған диплом бойынша Атбасар ауданының оқу орнында биология пәнінің мұғалімі болып жұмысқа орналасқан. Ал 2022 жылы мүліктік игіліктер алу мақсатында сол жалған дипломды пайдаланып, бағдарламаға қатысқан. Осылайша, жеңілдікпен 4,9 млн теңге алды", - дейді прокурорлар.

Тура сондай схемамен 12 "маман" ақша алып үлгерді. Залалдын жалпы соммасы 30 млн теңгеден асты.

Қазіргі кезде қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.

Айта кетері, "Дипломмен ауылға" мемлекеттік бағдарламасы 2009 жылы басталған болатын. Соның аясында ауылдық жерде еңбек етуге ниет білдірген мамандарға жеңілдікпен кредиттер мен өтеусіз жәрдемақылар ұсынылады.