25.11.2023, 12:56

Шымкентте туысы төртінші қабаттан лақтырып жіберген 2 жасар бала қайтыс болды

Фото: Әлихан Сариев

Шымкентте туысы төртінші қабаттан лақтырып жіберген 2 жасар бала қайтыс болды. Бұл туралы Шымкенттегі бала құқықтары жөніндегі уәкіл Жаннета Жазықбаева әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

Айтуынша, аурухананың бас дәрігері сағат 18:39-да нәрестенің жүрегі тоқтап қалғанын хабарлаған

«Ата-ананың дұрыс қарамауы салдарынан тағы бір бала қайтыс болды», - деп жазды ол.

Айта кетейік, оқиға 23 қарашада болған. Баланың терезеден құлағаны туралы хабарлама «103» жедел жәрдем қызметіне сағат 21:00-де түскен.