ҚМДБ «Медреселерде 12 жастағы қыздарды жыныстық қатынасқа итермеледі» деген ақпаратқа қатысты жауап берді

Әлеуметтік желіде «Қазақстандағы медреселерде 12 жастағы қыздарды жыныстық қатынасқа итермелеуде» деген мазмұнда пікір тараған. Осы ақпаратқа қатысты ҚМДБ Instagram-дағы ресми парақшасы арқылы жауап берді, деп хабарлайды Paryz.kz.  

ҚМДБ «Медреселерде 12 жастағы қыздарды жыныстық қатынасқа итермеледі» деген ақпаратқа қатысты жауап берді
Фото: @muftiyatkz, pixabay.com

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бұл жалған ақпарат екенін мәлімдеді.

ҚМДБ-ға қарасты медресе-колледждер тек 15 жасқа толған қыздарды ғана оқуға қабылдайтынын мәлімдейміз. Мұндай жалған ақпаратқа сенбеуге шақырамыз және халықты білместікпен теріс ақпарат таратпауға үндейміз, – делінген хабарламада.