Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Баланың аутист екенін қалай білуге болады

Астана қалалық психикалық орталығының диспансер бөлімшесінің меңгерушісі, психиатр дәрігер Анар Жұмабекқызы «Basty bailyq» YouTube-арнасына берген сұхбатында аутизмнің ерекшелігі жайлы айтты, деп хабарлайды Paryz.kz Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.

Баланың аутист екенін қалай білуге болады
Фото: freepik.com

«Аутизм кезінде баланың коммуникациясы мен әлеуметтенуі бұзылады. Кейбір аутист балаларда интеллектуалдық дамуы төмендеу болады. Олардың ерекше екенін ата-аналар байқауы мүмкін. Өз бетімен ойнай береді. Атын атаған кезде мән бермейді. Кейбір ата-аналар сол үшін балаларын құлағын тексертіп жатады. Көзге ұзақ уақыт қарап тұрмайды. Бұл - алғашқы симптомдар. Анасы бір жерге шыққан кезде де бала іздемеуі мүмкін, оған бәрібір болады. Ұйқысының бұзылуы, өзінен өзі жылау, мазасыздану, гипер белсенді балалар да аутизм болуы мүмкін. Бірақ осы симптомдар бар екен деп оған дербес диагноз қоюға болмайды», - деді Анар Жұмабекқызы.

Маман атағандай, кейде диагнозды бірден қою мүмкін емес.

«Кішкентай кезінен бастап ата-аналар ауытқуы бар сияқты деп келеді. Алайда белгілерін емдеп алатындар да болады. Осы уақытта бақылауды ұсынамыз. Көбііне аутизмге 3 жастан асқан соң нақты диагноз қойылады», - деді маман.