Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

"Қазалының әкімі қызметкерлерімен пышақтасқан": облыс әкімдігі түсінік берді

Бұған дейін әлеуметтік желіде 1 қаңтарда аудан әкімі мен басқа да аудан шенеуніктері отырыс жасағаны туралы хабар тараған...

"Қазалының әкімі қызметкерлерімен пышақтасқан": облыс әкімдігі түсінік берді
фото: ашық дереккөз

Қызылорда облысының әкімдігі Қазалы ауданы әкімінің төбелесіп, пышақтасқаны туралы қауесетті жоққа шығарды, деп хабарлады paryz.kz, Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Аудан әкімдігінің мәліметінше, Желіде Қазалы ауданының әкімі Мұрат Ергешбаевтың әкімдік қызметкерлерімен төбелескені туралы ақпарат тараған.

"Әлеуметтік желіде Қазалы ауданының әкімі мен әкімдік қызметкерлерінің жаппай төбелескені туралы ақпарат тарады. Бұл - жалған ақпарат. Полиция басқармасында да, аудан әкімдігінде де мұндай дерек тіркелмеді. Сондықтан тек ресми ақпаратқа сенуге шақырамыз", - деді әкімдік өкілдері.

Бұған дейін әлеуметтік желіде 1 қаңтарда аудан әкімі мен басқа да аудан шенеуніктері отырыс жасағаны туралы хабар тараған. Онда атап көрсетілгендей, қонақтар Қазалы ауданы әкімдік аппаратының басшысы Нұрғиса Жалғасбаевтың үйінде жиналған. Содан жиынға ПИК бөлімшесінің басшысы Мұрат Абсұлтанов, аудан әкімінің көмекшісі Мұхтар Нәбиев, аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Жаныппар Жалғасбаев және басқасы келген.

Сонымен қатар, қонақтар кешкі ас алдында карта ойнауға барғаны айтылады. Сол уақытта әкім Ергешбаев мас халде Абсұлтановқа тіл тигізген. Осыдан кейін екеуі төбелесіп, пышақтасқан. Артынша қонақтар полиция шақырған...