Алматыда Денис Теннің ескерткішін бүлдірген күдікті ұсталды

Қаскөй әйгілі спортшы Денис Теннің ескерткішінің қабырғасына жазба қалдырған. Сондай-ақ өзінің аты-жөні мен телефон нөмірін де ойып жазған, деп хабарлайды paryz.kz. 

Алматыда Денис Теннің ескерткішін бүлдірген күдікті ұсталды
Фото: tiktok.com/@mirzoev_amir

Алматы қаласының Полиция департаменті аталған жайтқа қатысты Қылмыстық кодекстің 1-бөлігі, 294-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады.

Полицейлердің айтуынша, ескерткішті ойрандаған адам психоневрологиялық есепте тұрады.

«Қылмыстық іс аясында сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданатын болады. Ұсталған адам психикалық денсаулық орталығына орналастырылды», - деп хабарлады құқық қорғау органдары.