22.11.2023, 15:54

Көліктік бақылау инспекциясының қызметкерлері ұсталды – ҰҚК

Фото:. ҚК

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Көліктік бақылау инспекциясы қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің жолын кесті, деп хабарлайды paryz.kz. 

«Олар салмақтық және габариттік параметрлерін бұзған автокөліктерді бөгетсіз өткізуге кәсіпкерлерден ақшалай қаражатты жүйелі түрде бопсалағандары үшін күдіктеліп отыр. Қылмыстық кодекстің 366-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде», - делінген ҰҚК хабарламасында.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпараттар жариялануға жатпайды.