Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

Төсек-орын қоры 90 пайызға толды: Алматыда қызылша өршіп тұр

Алматыда жұқпалы аурулар ауруханаларындағы төсек-орын қорының 90,3 процентіне қызылшамен ауырғандар жатқызылды, деп хабарлады қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.

Төсек-орын қоры 90 пайызға толды: Алматыда қызылша өршіп тұр
© Sputnik / Алексей Куденко

"Қалалық балалар клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасында қызылша жұқтырған балаларды емдеуге арналған 280 төсек-орындық 7 бөлімше бар. Оның ішінде 12 төсек реанимациялық бөлімшеде орналасқан. Саялы филиалында 1 бөлімше, Байзақов көшесіндегі стационарда және Апорт филиалында 3 бөлімшеден орналасқан. Резервте 40 төсек бар", - деп жазылған ведомство хабарламасында.

Кереуеттер жетіспеген жағдайда қалалық балалар клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасында қосымша екі бөлімшеде 100-ден астам төсек дайын тұр.

"Эпидемиологиялық жағдай нашарласа, басқа ауруханаларда қосымша төсектер орналастырылады. Бұл мәселе Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының тұрақты бақылауында", - дейді басқарма баспасөз қызметі.

Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ақпаратына сәйкес, қызылшамен ауырғандардың басым көпшілігі вакцинацияланбаған.